Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2204/19
ИНФОРМАЦИЯ по факту крушения самолета FK -14 «Polaris» ТОО «Авиационный учебный центр»

«Авиациялық оқу орталығы» ЖШС-нің FK -14 «Polaris» ұшағының апатына қатысты АҚПАРАТ

2019 жылдың 21 сәуірінде Бұқар жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылынан 4 шақырым жердегі «Балапан» «Авиациялық оқу-жаттығу орталығы» ЖШС-нің қону алаңында 2013 жылы шыққан FK-14 В2«Polaris» ұшағы құлады.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ол сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестріне тіркелген.

Оқу орталығына тиесілі жеңіл моторлы екі орындық ұшағы оқу-жаттығу кезінде құлағаны анықталды.

Ұшақ апатқа ұшыраған кезде борттағы 2 адам оқиға орнында қаза тапты. Атап айтқанда, ұшқыш-нұсқаушы - Артемов Юрий Анатольевич, 31.03.1967 жылы туған және осы оқу орталығының 2018 жылдың мамыр айынан бастап тыңдаушысы болған (ұшқыш) Әукешев Мереке Өмірбекұлы. Ол 08.03.1990 ж. туған.

Экипаж құрамы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:11-де кезекті жаттығуды орындау мақсатында әуеге көтерілген. Сағат 16:20-да ұшақ шұғыл төмен құлдилаған. Диспетчер әуе кемесімен байланысты жоғалтты.

Авариялық-құтқару қызметі жылдам дайындалып, әуе кемесі құлайтын жерге жедел жіберілді.

Бүгінгі күнге дейін курсант М.О.Аукешев 30 сағатқа жуық ұшқан. Оған инструктор Ю.А.Артемов бекітілген. М.О.Аукешев оқу-жаттығу сабақтарын FK-14 В2 «Polaris» ұшақтарымен орындаған.

21.04.2019 жылы М.О. Аукешев ұшқан FK-14 В2 «Polaris» 2013 жылы Польша Республикасының зауытынан алынған. Жалпы, ұшақ 1100 сағат ұшқан. Ұшақ ұшар алдында толық тексеруден өткен және ешқандай ақау болмаған.

Қазіргі уақытта барлық қажетті жедел-тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Әуе оқиғасы туралы  бейне жазбадағы пікірді мына сілтеме арқылы көре аласыздар. 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы