Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

News

1405/19
ЗАВЕРШЕНО РАССЛЕДОВАНИЕ АВИАКАТАСТРОФЫ, ПРОИЗОШЕДШЕИ 10 АВГУСТА 2017 ГОДА  В  АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ САМОЛЕТ TECNAM-P2002-JF

2017 ЖЫЛҒЫ 10 ТАМЫЗДА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БОЛҒАН TECNAM-P2002-JF ҰШАҒЫ ӘУЕ АПАТЫН ТЕКСЕРУ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Тексеру жөніндегі комиссиясы 2017 жылы 10 тамызда Алматы облысында  тіркеу нөмірі UP-LA231 Tecnam-P2002-JF әуе кемесінде адамдары құрбан болған авиациялық оқиғаны тексеруді аяқтады.

Бұл туралы ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқарма басшысы -  Нұрлан Жұмасұлтанов министрліктің медиа орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Авиациялық оқиғаның негізгі себебі ұшақ төмен биіктікте ұшып шығып күшті желдің ықпалына түсуі салдарынан ұшу барысында ерекше қауіпті жағдай туындаған, сол себепті әуе кемесінің экипажы  ұшақты басқара алмай жерге соғылған.

Оған қоса, соңғы ұшуда авиациялық оқиғаның маңызды қосалқы себебінің бірі биікке ұшу барысында қозғалтқыштың уақытша қуатын жоғалтып алуы (яғни, шырқау биікке ұшу барысында руль өз жұмысын кенеттен тоқтатуы салдарынан қозғалтқыштың тұрақсыз жұмыс істеуі, биіктікке ұшу барысында жоғары тік жылдамдыққа ұшу және 0,5g артық теріс жүктеме жағдайын туындату) болып табылады. 

Сонымен қатар өзге де қосалқы себептер бойынша осы авиациялық оқиғаны тергеп тексеру барысында «Training Сenter Part-FCL» ЖШС АОБ жұмысында анықталған кемшіліктер, деректерді бұрмалау мен сәйкессіздіктер де себеп болып табылады

Тексеру комиссиясы арқылы оқу әуе кемелерінің эксплуатанттарына, Азаматтық авиация академиясына, сондай-ақ Азаматтық авиация Комитетіне тиісті нұсқаулықтар берілді, оларды міндетті түрде орындау болашақта ұқсас авиациялық оқиғалардың болу ықтималдығын төмендетеді.

ЗАВЕРШЕНО РАССЛЕДОВАНИЕ АВИАКАТАСТРОФЫ, ПРОИЗОШЕДШЕИ 10 АВГУСТА 2017 ГОДА  В  АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ САМОЛЕТ TECNAM-P2002-JF

ЗАВЕРШЕНО РАССЛЕДОВАНИЕ АВИАКАТАСТРОФЫ, ПРОИЗОШЕДШЕИ 10 АВГУСТА 2017 ГОДА  В  АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ САМОЛЕТ TECNAM-P2002-JF

ЗАВЕРШЕНО РАССЛЕДОВАНИЕ АВИАКАТАСТРОФЫ, ПРОИЗОШЕДШЕИ 10 АВГУСТА 2017 ГОДА  В  АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ САМОЛЕТ TECNAM-P2002-JF


© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Department for investigation of accidents and incidents